Қырғызстанмен шекарадағы блокпосттан бір тәулікте 120-дан астам адам өткен
Қырғызстанмен шекарадағы блокпосттан бір тәулікте 120-дан астам адам өткен
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтынан алынды
290
оқылды
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, Қырғыз Республикасымен шекарада орналасқан блокпосттан бір тәулікте 120-дан астам адам өткен. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Айша-бибі» шекара бекетінде болып, кедендік және шекаралық қызметтердің, сондай-ақ Қырғызстаннан келген азаматтарды тексерумен айналысатын медицина мамандарының қызметімен танысты.   Жамбыл, Қырғызстан, шекара, блок-бекеттер Өткен тәулікте бұл бекет арқылы 124 адам өтсе, оның ішінде, дене қызу бар немесе 1 А, 1 Б, 2 және 3 санаттағы елдерден келушілер тіркелмеген. Облыс әкімі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және денсаулықты сақтау бойынша қойылып отырған міндеттерді барынша сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Салалық ведомстволар мен Жамбыл ауданының әкімдігіне жан-жақты тапсырмалар жүктеді.