Жолды 2026 жылы 25 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райы: Абай облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
101
оқылды

ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2026 жылғы 24 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 910 — 1087 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылы — Боғас ауылы) жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылы 25 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.