Кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа көлік сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кәсіпкер Михаил Шайдоровтың спорттағы жетістігін атап өтіп, ұлына қолдау көрсеткен әкесіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Станислав Шайдоров спортшы ұлына көмектесу үшін көлігін сатқанын ерекше атап өтті.
«Мен Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, оның алғашқы жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа Audi Q8 көлігін сыйладым. Михаил Қазақстанда және одан тыс жерлерде миллиондаған адамдарды шабыттандырып, тарихи, керемет өнер көрсетіп, алтын жеңіп алды. Бұл жеңістің артында жылдар бойғы еңбек, тәртіп және жанқиярлық жатыр. Станислав Александрович ұлының шыңға шығу жолын қолдау үшін көлігін сатты. Бұл оқиға менің жүрегіме ерекше жақын. Мен де қиын кезеңде команданың жалақысын төлеу үшін екі рет көлігімді сатқанмын», - дейді кәсіпкер.
Көлікті тапсыру рәсімінде Станислав Александрович көзіне жас алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.