Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова 8 наурыз мерекесіне орай концерт өткізетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында екі концертіне билеттер толығымен сатылғанын жеткізіп, көрерменге алғыс білдірді.
Ән кеші 8 наурызда Алматыдағы Республика сарайында өтеді.
«Аллаға мың шүкірлер, 8 наурыздағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті, жанкүйерлеріме үлкен рақмет. Амандықта кездесейік, құрметті ағайын!» — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, концертті асыға күтетінін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.