Илья Калинин «Странджа» турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
65 келідегі Илья Калинин 1/8 финалда Әзербайжан өкілі Заур Кахрамановпен кездесті.
3 раундқа жалғасқан бәсекеде төреші отандасымыздың бір ұпайын шегеріп, есеп ашса да, Илья 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Болгариядағы бәсекенің кезекті жарыс күні аяқталды. 12 боксшымыз «Странджа» турнирінің екінші күнінде жеңіске жетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.