Желі қолданушылары актердің жанашырлығына, адамгершілігіне риза болып, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Алты балам ауырғанда бұлай жыламаппын»: Қанат Әлжапбаров оқырманды ойландырып қойды
118
оқылды

Әзілкеш, актер Қанат Әлжапбаров басынан өткен жағдайды айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер Жапониядағы зообақта анасы тастап кеткен Панча атты макака оқиғасы өзіне ерекше әсер еткенін айтты. Ол Панчаның өміріне алаңдап, көңіл күйі түсіп жүргенін жасырмады.

«Жапониядағы зоопарктегі маймыл бар ғой, анасы өліп қалған. Екі күннен бері соны көрсем көзімнен жас шығып кете береді. Алты балам ауырғанда олай жыламаппын», - дейді актер.

Желі қолданушыларын актердің әзіл-шыны аралас әңгімесіне бейжай қарамада. Олар актердің жанашырлығына, адамгершілігіне риза болып, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Бұл нағыз жанашырлық қой», «Бәрімізде жүректен жүрек қалмады, соны көрсек жылап аламыз», - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.