Жолды 2026 жылғы 26 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
90
оқылды

ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 25 ақпан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1066 — 1135 шақырым аралығы (Молодежный кенті — Павлодар облысының шекарасы); 

- «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231 — 324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара кенті). 

Жолды 2026 жылғы 26 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.