Қазіргі уақытта ресми органдар бұл болжамға қатысты пікір білдірген жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Бір адамды судан іздеу керек»: Атыраудағы қылмысқа байланысты көріпкелдің мәлімдемесі елді елең еткізді
Фото: Alash.kz
178
оқылды

Әлеуметтік желіде елге белгілі Айгүл есімді көріпкел Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасына қатысты кезекті жорамалын жариялады.

Оның айтуынша, бұл іске байланысты жақын уақытта маңызды ақпарат таралуы мүмкін екенін 21 ақпанда айтқан. Ал 24 ақпанда күдіктілердің ұсталғаны туралы ресми мәлімдеме жасалған еді. Бұған дейін де ол қайғылы оқиға мен күдіктілер туралы жорамалын нақты айтып келген.

Бұл жолы көріпкел жоғалған отбасы мүшелерінің бірін судан іздеу қажет болуы мүмкін екенін айтты.

«Менің ойымша, бір адамды судан қарау керек. Бұрын мұндайды айтқаным есімде жоқ. Мүмкін, алғаш жоғалған ұл баланы судан табуы мүмкін. Нақты айта алмаймын, бірақ суға қатысты бір құпия бар сияқты», – деді ол.

Қазіргі уақытта ресми органдар бұл болжамға қатысты пікір білдірген жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.