Ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы немесе мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
«432 500 теңге төленеді»: Министрлік әлеуметтік төлем жайлы ақпаратты жоққа шығарды
81
оқылды

Жауапты министрліктің хабарлауынша, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз. Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу үшін таратады», – делінген хабарламада.

Ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы немесе мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.