ҚазАвтожол бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 26 ақпан сағат 22:00-де ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-35°C) жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін келесі облыстарда қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Павлодар облысы: Барлық бағыт бойынша.
Ақмола облысы: Барлық бағыт бойынша.
Солтүстік Қазақстан облысы: Барлық бағыт бойынша.
Қарағанды облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» (KAZ01) км 92–164 (Ақмола облысы шекарасы — ПВП Теміртау).
- «Калкаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» (KAZ20) км 231–324 (Павлодар облысы шекарасы — Ботақара ауылы).
- «Астана — Қабанбай Батыр — Нұра — Теміртау» (KAZ05) км 51–266 (Ақмола облысы шекарасы — Теміртау қаласы).
Қостанай облысы:
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» (KAZ03) км 682–729 (Сарыкөл ауылы — Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы).
- «Қостанай — Мамлютка» (KAZ18) км 180–250 (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы — Узынкөл ауылы).
- «Қостанай — Аулиекөл — Сұрған» (KAZ23) км 218–232 (Октябрьский ауылы — Ақмола облысы шекарасы).
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» (KAZ13) км 340–377 (Арқалық қаласы — Ақмола облысы шекарасы).
Жолды 2026 жылғы 27 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.