Әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Мұқатқысы келеді...»: Ақбота Керімбекова өзін сынағандарға жауап берді
Фото: instagram.com/botakerim
131
оқылды

Әнші Ақбота Керімбекова шығармашылығына қатысты айтылатын сынға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бір әнді ұзақ уақыттан бері орындап жүруіне не себеп екенін айтты.

«Құралай Сәтмұхамедова әпкеміздің «Аппақ гүлдер» әнін орындап жүргеніме де 30 жылға жуықтапты. Көбі іздеп тыңдайтын болғасын ғой, репертуардан түспей тұрғаны. Соны кейбіреулер «Басқа әні жоқ па?» дегендей ыңғаймен мұқатқысы келеді екен. Аллаға шүкір, жүздеген әнді жарыққа шығардым. Ақын-композиторлар әлі де ең керемет туындыларын ұсынып жатады. Сонда да көпшілік «Аппақ гүлдерді» сұрайды. Халық қаласа ханның өзі соңғы түйесін соймай ма?.. Біз халықтың ықыласынан асып қайда барайық? Әрине, шырқаймыз, әлде де шырқай береміз! Бұл әннің бағы ғой!» - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.