Үкімет басшысы Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Онда экономиканың басым бағыттарындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.
Бірлескен жобалар жүзеге асады
89
оқылды

Кездесу барысында Премьер-минис­трге ЕАДБ-ның кезекті стратегиялық кезеңінің аяқталғаны және Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргі­зіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Банктің жинақталған портфелінде ин­вестициялардың жалпы көлемі 19,6 млрд доллар болатын 326 жоба бар. Тек 2022-2026 жылдары ЕАДБ қатысушы елдердің экономикасына 9 млрд доллар инвестиция құйды, оның 5,2 млрд доллары Қазақстанға тиесілі. Кейінгі 4 жылда Қазақ­стан экономикасына салған инвес­тиция көлемі жыл сайын 1 млрд доллардан астам болса, 2025 жылы 1,5 млрд долларға жетті.

Қаржы бөлінген маңызды жобалардың ішінде – «Силлено» газ өңдеу зауыты, Атырау облысындағы KPI газ-химия кеше­нінің құрылысы, тау-кен металлургия кеше­нінің кәсіпорындарын жаңғырту, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы ЖЭО-ларды қайта жаңарту ісі бар. Биыл ЕАДБ ірі жобаларды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру секторын қаржыландыруды жалғастырады.

Кездесу қорытындысы бойынша сын­дарлы әріптестікті одан әрі нығайтудың және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мүддесінде инвестициялық ынты­мақ­тастықты кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.