Іс-шараға 7 партиядан 14 спикер қатысып, құжаттың негізгі бағыттары мен жаңашыл тұсын талқылайды.
Сәлден соң жаңа Конституция жобасын талдауға арналған партияаралық дебат басталады
89
оқылды

28 ақпан күні сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Студиялық форматтағы пікірталас  Qazaqstan  телеарнасының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok платформаларында және Хабар арнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жаңа Ата Заң жобасын талдауға арналған партияаралық дебатқа дайындық қызу жүріп жатыр. Іс-шараға 7 партиядан 14 спикер қатысып, құжаттың негізгі бағыттары мен жаңашыл тұсын талқылайды.

Эфир барысында спикерлер жобаның маңызды тұстарына қатысты пікірлерін айтып, сауалдарға жауап береді.