Компанияның баспасөз қызметі кілт табыстау сәтінен түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.
Михаил Шайдоровқа елордадан екінші пәтер сыйға берілді
178
оқылды

Милан Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа елордадан тағы бір баспана табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ULYTAU Group компаниясы спортшыға екінші пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсырған.

Компанияның баспасөз қызметі кілт табыстау сәтінен түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

Видеоның сипаттамасында: «Көптен күткен қуанышты күн — Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа баспана кілтін табыстап, құрмет көрсету сәті» деп жазылған.

 

Желі қолданушылары бұл сыйлықты спортшының еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет деп бағалап, жылы лебіздерін білдірді.

Пікір қалдырушылар «Лайықты сый», «Миша үшін қатты қуаныштымыз! Саған тек сәттілік тілейміз», «Өте шынайы жан, өмірің табысқа толы болсын», «Құттықтаймыз! Компанияға алғысымыз шексіз», «Қандай әсерлі күн», «Құтты қоныс болсын!» деген тілектерін жазған.