Қызметтік борышын өтеу кезінде Астана қаласында ауыр жарақат алып, қайтыс болған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ауыл амбулаториясына ескерткіш тақта орнатылды.
Астанада қызмет бабында қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанға Түркістан облысында ескерткіш тақта орнатылды
105
оқылды

Жетісай ауданы Үтіртөбе ауылында рухани мәні бар іс-шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қызметтік борышын өтеу кезінде Астана қаласында ауыр жарақат алып, қайтыс болған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ауыл амбулаториясына ескерткіш тақта орнатылды.

Салтанатты шараға аудан әкімдігі мен мәслихат өкілдері, жедел жәрдем және аурухана басшылары, марқұмның анасы мен туыстары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары қатысып, оның батылдығы мен адамгершілігін еске алды.

Астана қаласында ауыр жарақаттан кейін көз жұмған Ұлдана өзінің кәсібіне адалдығымен, адам өмірін құтқаруға жанын салған ерлігімен есте қалды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.🕊️