Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, үздік атанды.
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды
122
оқылды

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, үздік атанды.

Екінші орынды жапониялық Аяно Сэкигучи (Жапония) иеленді - 1:16.66. Қола жүлде австриялық Джанин Роснерге бұйырды - 1:17.00.

Анастасия Беловодова 1:17.99 уақыт нәтижесімен жетінші орын алды. Варвара Глухова 32-орынға тұрақтаса, Айзада Рымбек 34-орынға ие болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Шумекова 500 және 1500 метр қашықтықтарда да топ жарған еді.