Күдікті 150 мың долларды алу кезінде қолға түсті.
Шымкентте ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
98
оқылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті құны 2,5 миллион АҚШ долларын құрайтын бизнесті криптовалюта арқылы есеп айырысамын деген сылтаумен өз атына рәсімдеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірақ іс жүзінде ешқандай төлем жасалмаған.

Сонымен қатар ол компанияға қатысты жағымсыз материалдарды таратпау үшін бұрынғы иесінен 250 мың АҚШ долларын бопсалаған. Күдікті 150 мың долларды алу кезінде қолға түсті.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.