Оның айтуынша, қазір ол Қатарда жүргенімен, демалыс сапары шиеленіскен жағдаймен тұспа-тұс келген.
Белгілі блогер Дария Қуатжан Қатардағы демалысында күтпеген оқиғаға тап болды
338
оқылды

Қазақстандық блогер әрі көпшілікке танымал ару Дария Қуатжан шетелге демалуға барып, күтпеген оқиғаға ұшырағанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, қазір ол Қатарда жүргенімен, демалыс сапары шиеленіскен жағдаймен тұспа-тұс келген. Дария жазбасында қазіргі ахуал белгісіз екенін айтып, гүрсілдеген дыбыстардың жиілеп кеткенін жеткізген.

«Қатардағы қазіргі жағдай: гүрсілдеген, дүрсілдеген дауыстар жиі. Жәй жел деп қойып отырмыз қыздармен. Біз өте тыныш қала шетіндегі райондамыз, қаладағы жағдай әзірше белгісіз», – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Дария бұл сапарға ұзақ уақыт жұмыс істеп барып, дәл осындай жағдайға тап болатынын күтпегенін жасырмады.

«Бір жыл бойы тоқтамай жұмыс істеп, қайда кетсем де кеттім деп, Қатарға саяхаттап кетіп едім, қайдан білейін соғыс жағдайын… Не болса да Алла қалауы, аман болайық», – деп жазды ол.

Бұған дейін блогер: «Мә достар, дәл қазір мен де Қатардамын. Бір шетелге шыға қояйын десем, соғыс басталып кетті», – деп хабарлаған еді.

Желі қолданушылары Дарияға қолдау білдіріп, амандық тілеуде.