Бұл шешім Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін қабылданды
Иранның жаңа басшысы кім? Хаменеидің қазасынан кейін жаңа көшбасшы тағайындалды
181
оқылды

Иранда елдің Жоғарғы көшбасшысы қызметін уақытша атқарушы болып аятолла Әлиреза Арафи тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл шешім Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін қабылданды. Times of Israel мәліметінше, уақытша басқару кеңесінің құрамына сондай-ақ президент пен сот билігінің басшысы кіріп, елді Сарапшылар ассамблеясы тұрақты көшбасшыны сайлағанға дейін басқарады.

Әлиреза Арафи — ирандық шиит дін қайраткері және діни білім беру саласының өкілі. Ол 2009–2018 жылдары Ислам Республикасының идеологиясын насихаттаумен айналысатын «Ал-Мустафа» халықаралық діни институтын басқарған. Арафи атеизм мен христиан дінін сынап, оларды пұтқа табынудың бір түрі деп бағалаған. Сонымен қатар ол діни насихат және білім беру қызметімен айналысқан тұлға ретінде белгілі.