Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Биткоин, жалған мәміле және бопсалау: Шымкентте 2,5 миллион доллар көлеміндегі  алаяқтыққа күдікті ұсталды
90
оқылды

ІІМ Шымкент қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық және бопсалау деректеріне қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күдікті алаяқтық жолмен құны шамамен 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденген. Ол есеп айырысу криптовалютамен (биткоинмен) жүргізіледі деген сылтаумен компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеуді ұйымдастырған. Заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған мәліметтер берілген, яғни іс жүзінде төлем жасалмаған.

Кейін жағдайды пайдаланып, күдікті экс-иесіне компанияда оған қатысты әшкерелейтін материалдар бар екенін айтып, оларды таратпау үшін 250 мың АҚШ долларын талап еткен.

Жедел  шаралар барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін 150 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталды.

Алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.