Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлде ала алмады.
Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Grand Slam турнирінде жүлдесіз қалды
84
оқылды

Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан Grand Slam ірі халықаралық турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлде ала алмады.

Финалдық кезеңге дейін тек Ерасыл Қажыбаев жетті. Ол 100 келіден жоғары салмақта қола медаль үшін белдесті.

Алайда жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Қазақстандық балуан әзербайжандық Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Айта кетейік, ұлттық құраманың келесі жарысы 6-8 наурыз аралығында Аустрияда өтетін Гран-при турнирі болмақ.