Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушы тіркеусіз және лицензиясыз криптооперациялардан табыс табу схемасын құрған.
«150 дропперді пайдаланған»: Ақтөбеде заңсыз криптовалюта схемасын ұйымдастырған топ ұсталды
91
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен цифрлық активтер айналымында заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушы тіркеусіз және лицензиясыз криптооперациялардан табыс табу схемасын құрған. Рөлдері нақты бөлінген, иерархиясы бар топ дропперлерді іздеу, олардың атына банк карталары мен криптобиржа аккаунттарын рәсімдеу, қаржылық операция жүргізу және қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан.

 

Нәтижесінде цифрлық активтерді өткізу сомасы 3,5 миллиард теңгеден асты. Тінту кезінде 46 ұялы телефон, 92 банк картасы және 25 463 USDT криптоактивтері тәркіленді, бес күдікті қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.