1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райына байланысты Жетісу облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
80
оқылды

ҚазАвтоЖол Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 2 наурыз сағат 21:15-те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы — Талдыкорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 213-234 шақырым аралығында (Мұқры өткелі — Жамбыл ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. 

Жолды 2026 жылы 3 наурыз сағат 00:00-де ашу жоспарланған. 

Сонымен қатар 2 наурыз сағат 21:40-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 320 — 365 шақырым аралығында (Талдықорған қаласы — Сағабүйен ауылы) жүк және қоғамдық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. 

Жолды 2026 жылы 3 наурыз сағат 00:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.