Ол Аятолла резиденциясына шабуыл жасалғанда ауыр жарақат алған.
Иранның рухани көсемі Хаменеидің әйелі қайтыс болды
Коллаж: 24 tv (фото AP және ашық дереккөз)
85
оқылды

Иранның жоғарғы басшысы, аятолла Әли Хаменеидің әйелі Мансуре Ходжасте Бегерзаде көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, ол Аятолла резиденциясына шабуыл жасалғанда ауыр жарақат алған.

Бұған дейін ирандық БАҚ Хаменеидің қызы мен күйеу баласының, сондай-ақ олардың баласының қайтыс болғаны туралы хабарлады. 

Аятолланың алты баласы болды (екі қыз және төрт ұл).

Айта кетейік, Иранның жоғарғы басшысы, аятолла Әли Хаменеи АҚШ пен Израиль операциясы кезінде қаза тапқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.