Бес дүркін «Алтын доп» иегерінің ұшағы Мысыр аумағы арқылы ұшып өтіп, Жерорта теңізін кесіп өтіп, Мадридке қонған.
Әскери жағдайға байланысты атақты футболшы Роналду Сауд Арабиясынан Мадридке жеке ұшағымен барды
379
оқылды

«Әл-Наср» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жеке ұшағы Сауд Арабиясынан ұшып шығып, Мадрид қаласына қонды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты The Sun газеті.

Бес дүркін «Алтын доп» иегерінің ұшағы Мысыр аумағы арқылы ұшып өтіп, Жерорта теңізін кесіп өтіп, Мадридке қонған.

41 жастағы Роналду Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында сүйіктісі Джорджина Родригес және бес баласымен бірге тұрады. Бірақ олардың ұшақ бортында болғаны әзірге белгісіз.

Сейсенбі күні CNN телеарнасы Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне болжам бойынша Иранға тиесілі екі дрон шабуыл жасағанын хабарлаған. Ал сенбі күні Израиль мен АҚШ қарулы күштері Иран аумағына соққы жасап, әскери операция басталғанын мәлімдеді.