Өртті сөндіру барысында қабатаралық жабыны құлады.
Семейде ойын-сауық орталығындағы өрт толық сөндірілді
Фото: ТЖМ
138
оқылды

Абай облысының өрт сөндірушілері Семей қаласында Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында шыққан өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ күштерімен өрт оқшауланып, толық сөндірілді. Өртті сөндіру барысында қабатаралық жабыны құлады. Өрт жүктемесінің жоғары болуы, қою түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері өртті сөндіру жұмыстарын қиындатқан. 

ТЖД 8 (7222) 35-38-36 жедел желі телефоны іске қосылды. ТЖМ жедел штабы құрылды. Оқиға орнында ТЖМ жеке құрамынан 120 адам мен 21 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Хабарлама түскен сәттен бастап алты минут ішінде күштер мен құралдар оқиға орнына жетті. Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат ашық жалынмен жанып жатты. 

Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша адамдар өздігінен эвакуацияланған. Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделенді. 

Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілді. 

Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.