Қазақстанда 6 760 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға берілетін тегін және жеңілдетілген тамақты есепке алу үшін «Әлеуметтік әмиян» цифрлық құралына көшу аяқталды.
6 760 мектеп мектептегі тамақтануды «Әлеуметтік әмиян» арқылы цифрлық есепке алуға көшті
103
оқылды

Жоба 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылып келеді, ал мектептегі тамақтану бағыты 2024 жылдан бастап енгізілуде,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрал асханаға баруды тіркеу арқылы тамақ алу фактісін автоматты түрде есепке алуды қамтамасыз етеді. Жеткізушілермен есеп айырысу тек нақты берілген тамақ үшін жүргізіледі. Бұл мектепке келмеген балалар үшін қаражат есептеуді болдырмайды. Жеңілдік алу құқығы мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграция арқылы расталады. Ата-аналардың деректерді өңдеуге келісімі болған жағдайда ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.

Алушылар санаты өзгерген жоқ. 1-4-сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, тегін тамақ алады. Жоғары сыныптарда жеңілдік жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де санаттарға беріледі.

Мектептер аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықталып, «Бизнес-әмиян» қосымшасына қосылды. Жабдықтау жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. «Әлеуметтік әмиянды» қолдану есептің ашықтығын қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.