Жолды 2026 жылғы 5 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысында республикалық жол жабылды
Фото: istockphoto.com
81
оқылды

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2026 жылғы 4 наурыз сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе – РФ шекарасы (ө/п Алимбет) автожолының 39–136 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ш. Қалдаяқова ауылынан Алимбет өткізу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526–702 шақырым аралығындағы учаскесінде (Маржанбұлақ ауылы – Батыс Қазақстан облысы шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылғы 5 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.