Қазақстандық футболшы Омар Мұрадов Италия­ның жоғары дивизионында өнер көрсететін «Болонья» клубымен келісімшарт жасасты.
Италиялық клубпен келісімшартқа отырды
79
оқылды

Ақпарат көздерінің мәліметінше, қос тарап арасындағы келіссөздер бір жарым айға жуық уақытқа созылған. Айта кетерлік жайт, бұл процеске италиялық футболдың аңызы, қазір клубтың спорттық директоры қызметін атқаратын Марко Ди Вайо жеке өзі қатысып, қазақстандық талантқа зор қызығушылық танытқан. Ресми құжат бойынша келісімшарт 2027 жылы күшіне енбек. Соған дейін Омар Мұрадовқа қойылған басты талаптардың бірі – италия тілін меңгеру. Ол клуб сапына еркін агент мәртебесінде қосылады. Келісімшарттың маңызды тармақтары мынадай: алғашқы алты айда ойыншы жастар құрамында бейімделу (адаптация) кезеңінен өтеді және осы мерзімнен соң футболшы бірден негізгі құрамға ауыстырылады.

Омар Мұрадовқа тек «Болонья» ғана емес, сонымен қатар италиялық «Милан», испаниялық «Жирона» және мәскеулік ЦСКА клубтары тарапынан да ұсыныстар түскен. Алайда «Болонья» ұсынған жобаның нақтылығы мен болашағының зор болуы қазақстандық футболшының осы ұжымды таңдауына себеп болды.

Әсет ҚАЛИ