Өнер иесі Түркістан қаласына қоныс аударғанын айтты.
«Бұл – жүрекпен қабылданған шешім»:  әнші Төреғали Төреәлі күтпеген жазба жариялады
Фото: YouTube
130
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, отбасындағы жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Түркістан қаласына қоныс аударғанын айтты. Сонымен қатар отбасымен бірге тарихи мекенде тұрып, өңірдің көркеюіне үлес қосқысы келетінін жеткізді.

«Біз Түркістанға көшіп келдік. Бұл – жай ғана мекен ауыстыру емес. Бұл – жүрекпен қабылданған шешім. Түркістан – тарихтың үнін сақтаған, уақыттың тынысын сездірген, рухтың тамыры тереңге кеткен қасиетті шаһар. Бұл қалада үнсіздік те мағыналы. Бұл жерде әрбір көше, әрбір тас – шежіре. Өткен мен болашақ бір-біріне қарсы тұрмайды, керісінше, бірін-бірі толықтырып, жалғастырып тұрады. Біз бұл қаланы саналы түрде таңдадық. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған осы мекеннің болашағына сенеміз. Түркістан тек киелі орталық қана емес, ол – жаңғырудың, жаңарудың, жасампаздықтың кеңістігі. Отбасымызбен осында қоныстандық. Балаларымыз тамырын сезініп өссін деп. Жасаған ісіміздің мағынасы терең болсын деп. Тек жобалар емес, із қалдыратын істер атқару үшін. Түркістан, саған сәлем. Қадірлі Түркістандықтар, сіздерге құрмет. Біз бұл қалаға қонақ болып келген жоқпыз. Біз – бірге еңбек етуге, бірге өркендеуге, бірге тарих жазуға келдік», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.