Шымкент қаласындағы Студенттер қалашығы шағынауданындағы бір подъезден төрт адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға газдан улану себеп болуы мүмкін.
Көршілердің айтуынша, бір пәтерден 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Ал екінші қабаттағы пәтерлердің бірінен 23 жастағы жігіттің мәйіті анықталған. Сонымен қатар үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде студент қыздың көз жұмғаны белгілі болды.
20 жастағы қыздың мәйітін пәтер иесі жуынатын бөлмеден тапқан. Тұрғындардың сөзінше, бұған дейін олар газ иісіне байланысты шағым айтқан. Бірақ газ қызметі тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.
Полиция аталған дерек бойынша адам өліміне әкеліп соққан қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.