Осылайша, WBO өз ұстанымын өзгеріссіз қалдырды.
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте чемпиондық белбеуін сақтап қалды
73
оқылды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) жаңартылған рейтингін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Соған сәйкес, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын сақтап қалды.

Ұйым спортшыны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін дисквалификациялағанына қарамастан, оны чемпиондық белбеуден айырмау туралы шешім қабылдады. Осылайша, WBO өз ұстанымын өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, бұл шешім қоғамда әртүрлі пікір тудырған. Алайда сын-пікірлерге қарамастан, ұйым қабылдаған шешімін қайта қараған жоқ.