Қазгидромет 6 наурызда бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Қарағандыда түнде қар, жаяу бұрқасын болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады, тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Қонаевта кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде көктайғақ болады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.
Астанада көктайғақ болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.