Шахтаға құлаған заңсыз алтын іздеуші қаза тапты.
Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде заңсыз алтын іздеуші қаза тапты
111
оқылды

Ақмола облысында Бестөбе кентіндегі алтын кеніште тағы бір қайғылы оқиға тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шахтаға құлаған заңсыз алтын іздеуші қаза тапты.

Қаза болған фактіні Ақмола облысының полиция департаменті растады. Қаза тапқан адамның тұлғасы әлі анықталған жоқ.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция.

Бестөбедегі қайғылы оқиғалар алғаш рет болып тұрған жоқ. Жақында «Новая» шахтасында Степногорск қаласының тұрғыны қаза тауып, оның мәйіті жұмыс істейтін деңгейлердің бірінен, шамамен 610 метр тереңдіктен табылды.