Жолды 2026 жылғы 7 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысында ертеңге дейін жол жабылды
Фото: istockphoto.com
108
оқылды

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп жазды Aikyn.kz. 

«2026 жылғы 6 наурыз сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1153 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 7 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.