Видеода әншінің Димаштың әжесінен қызына сый алып жатқан сәті көрсетілген.
«Гүлдей жайнап жүрсін!»: Димаш Құдайбергеннің әжесі әнші Қарақат Әбілдинаның қызына ақ тілегін айтты
82
оқылды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің әжесімен бірге түскен бейнежазбасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Видеода әншінің Димаштың әжесінен қызына сый алып жатқан сәті көрсетілген.

Димаштың әжесі әнші Қарақат пен оның қызына ақ тілегін айтып, бата берді.

— «Қарақат, жаным, келе жатқан мерекең құтты болсын! Құдайдан тілеп алған қызың ғой. Құдай оған бақыт, несібе, дәулет, береке берсін! Мына гүлді қызыңа апарып бер. Гүлдей жайнап жүрсін. Өмірлерің ұзақ болсын!», — деді ол.

Ал Қарақат Әбілдина апамызға алғысын білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі.

— «Міне, Димашымыздың әжесі Аялама керемет бата беріп жатыр. Бұрын Аяла ән айтып шыққанда, бірінші қатарда отырып, өзінің үлкен гүлін берген еді. Сол кезде қызым: “Маған Димаштың әжесі үлкен гүл берді ғой”, деп қуанып еді. Кішкентай болса да, баланың есінде қалыпты. Қандай керемет! Апау, өміріңіз ұзақ болсын! Мерекеңізбен!» — деді әнші.