Оқиға орнына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аттанды.
Боранда жолда қалған жүкті әйелге құтқарушылар көмекке келді
114
оқылды

Ақтөбе облысы Құмсай ауылында қатты боран мен жол жағдайының күрт нашарлауына байланысты шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 1985 жылы туған жүкті әйел ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орнына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аттанды. Олар жоғары өтімді жол талғамайтын техникамен екі дәрігерді ертіп, елді мекенге барып, әйелді қауіпсіз түрде тасымалдауды ұйымдастырды.

Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жүкті әйел Қандыағаш қаласындағы ауруханаға жеткізілді.