Оған танк батальонының басқармасы, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты.
Танк экипаждары жауынгерлік жағдайда нысаналарды жоюды пысықтады
94
оқылды

Өскемен гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында Т-72 жауынгерлік машинасынан штаттық атыс жаттығулары орындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оған танк батальонының басқармасы, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты.

Танк экипаждары ұрыс жағдайына келтіріліп, түрлі қашықтықтағы нысаналарды жою тапсырмаларын орындады. Әсіресе, атысты басқару кезінде жедел шешім қабылдауға, сондай-ақ экипаждардың үйлесімді іс-қимылына айрықша көңіл бөлінді.

– Бұл оқу-жаттығуда танк экипаждары нақты әрі бірізді жұмысын көрсете білді. Жеке құрам жауынгерлік техниканы жетік меңгерген, дайындық деңгейі де жоғары. Мұндай іс-шаралар жауынгерлік қабілетімізді арттырып, кез келген күрделі тапсырмаларды орындауға дайындығымызды күшейтеді, – деді 2-танк ротасының командирі, лейтенант Ерболат Еңсебаев.

Танк қаруынан штаттық снарядпен ату танкистер үшін жауынгерлік дайындықтың негізгі элементтерінің бірі саналады. Экипаждар штаттық қару-жарақтан дәл атуға дағдыланып, атысты басқару машығын жетілдіреді.

Жаттығу барысында әскери қызметшілер нысаналарды дәл жойып, бөлімше құрамында үйлесімді әрекет ету дағдыларын көрсетті. Атыс жаттығулары барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өтті.