Мамыр айындағы фьючерстердің ең жоғары бағасы 90,25 доллар, кейін баға 89,92 долларға тұрақтады.
Мұнай бағасы 2023 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді
96
оқылды

Ирандағы соғыс аясында Brent мұнайы Лондондағы ICE биржасында барреліне 90 долларға дейін қымбаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мамыр айындағы фьючерстердің ең жоғары бағасы 90,25 доллар, кейін баға 89,92 долларға тұрақтады. Бұл –  2023 жылдың күзінен бергі ең жоғары көрсеткіш.

6 наурызда Кувейт мұнай өндіру мен өңдеуді қысқартты, ал Иран Ормуз бұғазын жауып, шикізат экспортын тежеді. Сонымен қатар  Иран Парсы шығанағындағы Сауд Арабиясы мен Қатар нысандарына соққы жасады.

Сарапшылардың болжамынша, бағалар 90-100 доллар аралығына дейін көтерілуі мүмкін.