Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Нахичеван әуежайына жасалған шабуылдарды айыптағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Әлиев өзінің X желісіндегі парақшасында жазды:
– «Иран мемлекетінің Нахичеванға жасаған шабуылдарын айыптағаны және бауырластық әрі одақтық қатынастар рухында елімізді қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін», – делінген жарияланымда.