Anadolu агенттігінің мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан келуі мүмкін баллистикалық зымырандар мен дрондарға қарсы әрекет етіп жатқанын хабарлаған.
Дубай халықаралық әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты
85
оқылды

Дубай халықаралық әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желіде жазды.

Мәлімдемеге сәйкес, жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Дубай халықаралық әуежайының (DXB) жұмысы уақытша тоқтатылған. Барлық рәсімдер белгіленген қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізілуде.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан келуі мүмкін баллистикалық зымырандар мен дрондарға қарсы әрекет етіп жатқанын хабарлаған.

 

Министрлік дерегінше, әуе қорғаныс жүйелері баллистикалық зымырандарды жойып, әскери ұшақтар дрондар мен қанатты зымырандарды бейтараптандырған. Елдің әртүрлі аймақтарында естілген жарылыс дыбыстары да осы қорғаныс жүйелерінің жұмысына байланысты екені айтылды.