Кермедегі жаттығуларда Милад Карими іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтап, финалға шықты.
Бес қазақстандық гимнаст Әзербайжандағы әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетеді
77
оқылды

Қазақстан құрамасының бес өкілі спорттық гимнастикадан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кермедегі жаттығуларда Милад Карими іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтап, финалға шықты. Диас Тойшыбек те іріктеуде төртінші нәтиже көрсетіп, финалдық кезеңге өтті.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов іріктеуді бірінші орынмен аяқтады. 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов үшінші нәтиже көрсетті.

Милад Карими сондай-ақ еркін жаттығуларда жүлде үшін таласады. Ол бірінші орынмен шешуші кезеңге жолдама алды.

Ал Дмитрий Патанин қоссырықтағы жаттығуда іріктеуде 8-орын алып, финалға өтті.

Финалдық жарыстар 7-8 наурыз аралығында өтеді.