Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) Израильге қарсы жаңа зымыран шабуылын бастады. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бұл соққы «Шынайы уәде-4» операциясының 24-ші толқыны болып саналады.
ИРСК баспасөз қызметі мәлімдемесінде жаңа толқын барысында Израиль аумағына зымырандар ұшырылғанын хабарлады. Шабуыл кезінде Тель-Авив аспанында қатты жарылыстар естілген.
Израиль армиясы Иран тарапынан ұшырылған зымырандарды тоқтату үшін әуе қорғаныс жүйелері іске қосылғанын мәлімдеді. Әскери ведомство тұрғындарға қауіпсіз орындарға жасырыну туралы ескерту жасап, қауіпті аймақтардағы адамдардың телефондарына арнайы дабыл хабарламаларын жіберген. Осыдан кейін Тель-Авивті қоса алғанда бірнеше қалада сиреналар қосылған.
Израильдің KAN мемлекеттік телеарнасы зымырандарды залалсыздандыру үшін көптеген перехватчик зымырандары іске қосылғанын хабарлады. Ал «12-арна» мәліметінше, Ираннан ұшырылған зымырандардың бірі ашық жерге құлаған.