Есеп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциялары басталар алдында дайындалған
АҚШ барлау қызметі Иран билігі құламайды деп есептейді – The Washington Post
194
оқылды

АҚШ барлау қызметінің жаңа құпия есебіне сәйкес, тіпті ірі әскери операция жүргізілген жағдайда да Ирандағы билік жүйесінің құлауы екіталай. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады.

АҚШ Ұлттық барлау кеңесінің (NIC) талдауында Иранның саяси және әскери құрылымы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тұрақты жүйе екені айтылған. Сарапшылардың пікірінше, елдегі діни-саяси элита мен әскери құрылымдар биліктің үздіксіздігін қамтамасыз ететін арнайы механизмдерге ие.

Есеп АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциялары басталар алдында дайындалған. Онда тіпті кең ауқымды соғыс немесе әуе шабуылдары болған күннің өзінде билік құрылымы толық күйреуі екіталай екені көрсетілген. Сонымен қатар ел ішінде билікті бірден алмастыра алатын күшті оппозиция байқалмайды.

Сарапшылардың айтуынша, Иранда билік мұрагерлігін реттейтін жүйе бар. Мысалы, діни басшылықтың ауысуы сияқты мәселелерді арнайы орган — Сарапшылар кеңесі (Assembly of Experts) қарастырады, ал қауіпсіздік құрылымдары, соның ішінде Ислам революциясы сақшылары корпусы биліктің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Осыған байланысты барлау қызметі Ирандағы қазіргі билік жүйесінің сыртқы қысым жағдайында да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін атап өтті.