Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Дзюдошы Әділет Алмат Австриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды
149
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.