Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне айтты.
Соңғы тәулікте Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, екі пациент те бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олар стационарда карантинде еді. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Қазір екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық.
Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар аурханасында 22 пациент, ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала және ауру жұқтырған 1 ана бар.
Қазір екі аурудын, оның ішінде бір баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайда, қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық.
Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдарында карантинде 660 азамат, ал үй карантинінде 1472 адам бар.
Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты деңгейде, катаральды құбылыстар жоқ.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ