Түркістан облысында кішкентай бала дала әжетханасына құлап кетіп, құтқарушылардың көмегімен аман қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
112 пультіне Ақниет ауылында 2023 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы дала әжетханасына құлап кеткені туралы хабар түскен. Бүлдіршін өздігінен шыға алмаған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баланы әжетханадан шығарып алып, оны 103 жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.