Бірақ ол кәсіпқой бокстан бір жылға уақытша шеттетілді.
«Рингке қашан оралады?»: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуін сақтап қалды
170
оқылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты туындаған мәселеден кейін чемпиондық атақтарын сақтап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірақ ол кәсіпқой бокстан бір жылға уақытша шеттетілді.

Боксшының заңгерлері бұл шешімге апелляция беріп, дисквалификация мерзімін алты айға дейін қысқартуға тырысуда. Қалай болғанда да, Әлімханұлы күрделі жағдайдан салыстырмалы түрде сәтті шығып, кәсіби мансабын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Қазіргі уақытта Жәнібек Алматыда жүр. Жазға қарай ол АҚШ немесе Англияда өтетін жаттығу лагеріне кірісуді жоспарлап отыр. Командасының айтуынша, спортшы бабын жоғалтпау үшін дайындықты үзбей жалғастырады.

Алдағы жоспар бойынша, боксшы жыл соңына дейін чемпиондық титулын қорғау үшін рингке шығуы тиіс. Мұндай талапты World Boxing Organization (WBO) ұйымы қойып отыр.

Сәуір айында британиялық Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Жоспар бойынша, Әлімханұлы желтоқсанда осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі мүмкін.

Сонымен қатар қазақстандық боксшы келесі жылы тағы бір чемпиондық белбеу үшін таласуды көздеп отыр. Ықтимал қарсыластар қатарында WBC чемпионы Карлос Адамес және WBA чемпионы Эрисланди Лара бар.