Соғыс басталғалы бері Иран Парсы шығанағындағы бірнеше елге, соның ішінде БАӘ-ге қарай зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар ұшырып келеді
Біріккен Араб Әмірліктері алғаш рет Иран аумағына соққы жасады
471
оқылды

Біріккен Араб Әмірліктері алғаш рет Иран аумағына соққы жасады. Израильдің Ynet порталының жазуынша, нысана ретінде суды тұзсыздандыру зауыты таңдалған.

Басылымның мәліметінше, бұл соққы Иран тарапынан бірнеше күн бойы БАӘ аумағына үздіксіз жасалған ракеталық және дрондық шабуылдардан кейін жүзеге асқан. Израильдік шенеуніктердің бағалауынша, бұл әрекет Иран билігіне берілген ескерту ретінде қарастырылады. Алайда ирандық шабуылдар күшейе түссе, Әмірліктер әскери операцияға қосылуы мүмкін, бірақ шектеулі көлемде ғана қатысуы ықтимал.

Бұған дейін БАӘ Иран өз аумағына жаңа шабуыл жасап, 16 баллистикалық зымыран мен 117 дрон ұшырғанын мәлімдеген.

Соғыс басталғалы бері Иран Парсы шығанағындағы бірнеше елге, соның ішінде БАӘ-ге қарай зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар ұшырып келеді. Алғашында ирандық ресми тұлғалар бұл шабуылдар тек АҚШ әскери базаларына бағытталғанын айтқан. Алайда соққыға ұшыраған елдер азаматтық нысандардың да зақымданғанын хабарлауда.

Мәселен, Абу-Дабиде Израиль елшілігі орналасқан ғимарат та шабуылға ұшырағаны айтылды.