Бұл туралы Украина президенті баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Украина Таяу Шығысқа әскери мамандар жібереді - Зеленский
443
оқылды

Украина Парсы шығанағы елдеріне әскери мамандар жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Киевте Нидерланд премьер-министрі Роб Йеттенмен бірге өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, кездесуде Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты туындаған қауіптер талқыланған. Әсіресе Парсы шығанағы елдеріне жасалып жатқан соққылар мәселесіне назар аударылған.

Президент Украина бұл мәселеде Еуропа елдерімен үйлесімді жұмыс істейтінін атап өтті. Оның айтуынша, аймақтағы тұрақсыздық Еуропадағы қауіпсіздікке де әсер етуі мүмкін, сондықтан мемлекеттер өзара әрекет етуді күшейтуде.

Зеленскийдің сөзінше, аймақ елдері мен АҚШ Украинадан көмек сұраған. Осыған байланысты Украина әскери мамандарын және азаматтық халықты қорғауға арналған құралдарды жіберуге дайын.

Украиналық мамандар негізінен дрондар мен қанатты зымырандарға қарсы қорғаныс бойынша тәжірибесімен бөліседі. Президенттің айтуынша, Украина әскері «Шахед» дрондарына қарсы күресте үлкен тәжірибе жинаған.